Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешімі
(2018.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Р. Исаев |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Молдашев Б. Бисенғалиева |
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016.29.08. № 50 шешімімен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Хромтау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 323 шешімімен бекітілген
Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары